ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрайымы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде болды

Жексенбі, 18 Маусым 2017 03:35
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрайымы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде болды KAZMUSEUM.KZ -  

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен және Аустрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.Сайллер «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қадірлі қонақтарға қорық-музейдің экскурсоводы Меруерт Ибрагимова экскурсия жүргізді. Кристин Муттонен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап,  музей экспозициясымен танысып, жәдігерлерге зор қызығушылығын танытты. Қоштасарда музей ұжымына ризашылығын білдіріп,  сәттіліктер тіледі.

392 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper