Иманғали Тасмағамбетов Ұлттық музейге ЮНЕСКО сертификаттарын тапсырды Таңдаулы

Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2016 21:57
Иманғали Тасмағамбетов Ұлттық музейге ЮНЕСКО сертификаттарын тапсырды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО тарапынан берілген «Қазақ халқының киіз үйі мен айтыс, күй өнерін ЮНЕСКО тізіміне алу туралы өтінімдердің» сертификатын ҚР Ұлттық музейіне табыстады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақтың қасиетті киіз үйі», «Суырып салма айтысы» мен «Күмбірлеген киелі күйі». Ендігі жерде бұл қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани мұрасы саналады. Оған куә – бүгін музейге тапсырылып отырған ЮНЕСКО-ның арнайы сертификаттары. Сөз жоқ, бұл енді бірнеше күннен соң бүкіл ел болып атап өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту әрі лайықты үлес деп білемін», - деді И. Тасмағамбетов.

Осыдан кейін, вице-премьер ЮНЕСКО сертификаттарын этнографиялық залға тұрақты қою үшін Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайға салтанатты түрде тапсырды.

Экспозицияның ашылуында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері, күйші Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, сонымен қатар, айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен бірге, еліміз 2017 жылы ЮНЕСКО-ның аталған тізіміне «Асық ұлттық ойыны» номинациясын енгізуді және «Қорқыт мұралары» көпұлттық номинациясын үйлестіруді жоспарлап отыр.

562 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper