Ұлттық музей желтоқсан айында өтетін шаралардың тізімін жариялады Таңдаулы

Бейсенбі, 01 Желтоқсан 2016 00:27
Ұлттық музей желтоқсан айында өтетін шаралардың тізімін жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Желтоқсан айындағы мерекелерге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде бірнеше іс-шара жоспарланған. Осыған орай музей әкімшілігі арнайы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай музейде өтетін мерекелік шаралар тізімін ұсынамыз.

1 желтоқсан: Суретші Аман Мұқажановтың жеке көрмесі. Уақыты:15.00.

5 желтоқсан: ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраны сақтау саласына арналған жиын. Уақыты: 15- 00

6 желтоқсан: «Отты Желтоқсанға отыз жыл» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты. Уақыты: 11.00

7 желтоқсан: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шетелдік елшілер мен саясаткерлер, танымал тұлғалардың қатысуымен өтетін салтанатты жиын. Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі 25 тағамының таныстырылымы. Уақыты: 16.00

8 желтоқсан: «Ұлы дала мұрасы» атты көрме. Уақыты: 11.00

13 желтоқсан: «Қазақ елі: Тарих. Тағлым. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі. Уақыты: 12.00

14 желтоқсан: ҚР Ұлттық музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік музейінің «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты бірлескен көрмесі. Уақыты: 16.00

14 желтоқсан: ҚР Ұлттық музейі жариялаған қазақ тарихындағы маңызды оқиғалар бейнеленген заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздері байқауының қорытындысы. Уақыты: 16.00

20 желтоқсан: «Тәуелсіз Қазақстан мен Ресей достығына 25 жыл» атты архивтік құжаттар көрмесі. Уақыты: 11.00

22 желтоқсан: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты балалар арасында өткен сурет байқауының қорытындысы. Уақыты: 11.00

23 желтоқсан: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Аса дарынды актриса» атты кино және театр актрисасы Фарида Шарипованы еске алу кеші. Уақыты: 15.00

Бұдан бөлек, Ұлттық музейден суретші Анар Абжанованың «Сиқырлы жарық» атты көрмесін, мүсінші Сәкен Нарыновтың «Уақыт пен Кеңістікте» атты көрмесін, «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты көрмені тамашалай аласыздар.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі дүйсенбіден басқа күндердің барлығында 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді (мереке күндері де).

 

894 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper