НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұлттық музей ардагерлерге арналған акция өткізеді

Сейсенбі, 18 Қазан 2016 00:09
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұлттық музей ардагерлерге арналған акция өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі сағат 11:00-де Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ардагерлерге арнап ақысыз экскурсия өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.    

Аталған акцияның мақсаты – аға буын, ардагерлерге құрмет көрсету.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Этнография залы, Заманауи өнер залы, Тарих залы сынды арнайы тақырыптық залдардан тұрады. Музей жанында Ұлттық құндылықтарымызды зерттеп-зерделеуге бағытталған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты да жұмыс істейді. Сонымен қатар музейде балалар шығармашылығын дамытуға арналған орталық, қор сақтау орындары, қайта қалпына келтіру шеберханалары, зертхана, ғылыми кітапхана, конференц залдар мен кәдесый дүкендері бар.  

 

Фото: Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

538 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper