Анонс


Археологтар көне қорымнан әйел адамның алтын әшекейлерін тапты

Сейсенбі, 14 Шілде 2015 09:31
Археологтар көне қорымнан әйел адамның алтын әшекейлерін тапты KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды облысының археологтары Бесоба ауылы маңындағы көне қорымнан әйел адамның алтын әшекейлерін тапты, деп хабарлайды kaztrk.kz.

 Төрт үлкен және бір кішкене тас қорымдардан тұратын бұл аумақ бұрыннан «Бесоба» деп аталып кеткен. Мұнда шамамен біздің заманымызға дейін 3500 жыл бұрын өмір сүрген қола дәуірінің адамдары жерленген. Орталық моланың ішіндегі тас табыттан бірнеше әшекей мен салпыншақты алтын сырға шыққан.

«Соған қарағанда бұл жерге дәулетті, беделді адамдар жерленген», - деп болжайды ғалымдар. Жалпы биыл қарағандылық ғалымдардың қатысуымен облыстағы 7 ірі тарихи орында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

 

 
2391 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper