Анонс


Атыраулық студенттер тапқан оғыз дәуірінің жәдігерлері музейге тапсырылды

Сәрсенбі, 01 Шілде 2015 09:56
Атыраулық студенттер тапқан оғыз дәуірінің жәдігерлері музейге тапсырылды KAZMUSEUM.KZ -  

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері тапқан Оғыз дәуіріне жататын жауынгердің бейітінен табылған жәдігерлер университет музейіне тапсырылды.

Жуырда атыраулық болашақ тарихшылар Оғыз дәуіріндегі жауынгердің бейітін тапқан болатын. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті археологтарына, Нарын құмы аумағында қабірлердің ашық жатқанын, сол маңдағы малшылар хабарлаған. 1-курс студенттерін бастап барған археолог Марат Хасеновтың айтуынша, қабір біздің заманымыздың Х-ХІІ ғасырына тиесілі. Бейіттен адамның және жылқының сүйегі, ұзындығы 1 метрге жуықтайтын болат семсер мен жебе ұштары табылған. Сондай-ақ, салмағы 20 келіге жуық сауыт қоса көміліпті. Оны тарихшылар «жылқының сауыты болуы мүмкін», - деп болжауда. Марат Хасенов «бейіттің тоналмай, жақсы сақталғанын»,  дегенмен, «Оғыз заманындағы қабірлер әлі күнге дейін жүйелі зерттеуді қажет ететінін», - айтты. 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, археолог Марат Хасеновтың айтуынша, бұл жауынгердің мүрдесі тайпа көсеміне тиесілі.
«Сауыты мен әртүрлі құрал-жабдықтарына қарағанда және жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл сол кездегі оғыз дәуірінің тайпасының көсемі деуге болады. Бұл экспонаттар университеттің лабораториясында. Қазір оған реставрация жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл сауыттар мен табылған заттарға қалпына келтіріп реставрация арқылы, бұл музейге берілмек экспонат ретінде», - дейді археолог.

 
2683 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper