Анонс


Музей археологтары бірнеше тарихи жәдігерлерді тапты (ФОТО)

Жұма, 15 Тамыз 2014 20:54
Музей археологтары бірнеше тарихи жәдігерлерді тапты (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысына жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында бірнеше тарихи жәдігерлерді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ботай қонысына жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында екі шеті де өңделген шақпақтастан жасалған ірі пышақтар, тегістеліп жылтыратылған тас балталар, найзаның ұштары, оқтар мен найзалар, нақышталған сүйектерді табылған. Қазақ даласындағы ежелгі жылқы өсірушілердің құрал-саймандар мен қаруларды пайдаланғанының нақты үлгісі осы артефакттер болып отыр. Табылған бұйымдар жақсы сақталған. Археология профессоры Виктор Зайберттің сөзіне қарағанда олар б.д.д. IV-III ғасырларға жатады.

Қонысқа жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жылқы сүйектері де көптеп кездескен. Ботайлықтар оларды құрал-саймандар мен қару-жарақ, үй мен табыну үшін керек-жарақтар жасауға пайдаланған, ал үй шаруашылығы үшін қажет болмай қалған сүйектерді баспаналардың және басқа да шаруашылық құрылыстарының балшық қабырғасына арқау ретінде пайдаланған.

Зерттеу жұмыстары барысында ботайлықтардың үй құрылыстары үшін пайдаланған сәулет тәсілдерінің қыр-сырын шешу мәселелері де қарастырылды. Ұлттық музейдің ғылыми қызметкерлері осы сәулетті бейнелі және егжей-тегжейлі түсіндіру үшін Шалқар көлінің бойына орналасқан бір-бірімен өтпе жол арқылы қосылған бастапқы шамасына қайта келтірілген Ботайдың екі баспанасын зерттеді. Тұрғын үй кешені археология профессоры В.Ф. Зайберттің жетекшілігімен Ботай қонысына жүргізілген қазба жұмыстары негізінде алынған мәліметтерге негізделіп тұрғызылған.

5900 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper