Анонс


Ботай қонысындағы 2022 жылғы археологиялық далалық зерттеу жұмысының нәтижелері

Сенбі, 03 Қыркүйек 2022 05:12
Ботай қонысындағы 2022 жылғы археологиялық далалық зерттеу жұмысының нәтижелері KAZMUSEUM.KZ -  

 Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында ең қызықты археологиялық ескерткіш-Ботай энеолит дәуірінің қонысы (б. з. д. 4-3 мың ж.) орналасқан.

   Ботай қонысы  Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Никольское ауылынан 1,5 шақырым жерде, Иман-Бұрлық өзенінің оң жағалауында тегіс жерде орналасқан. Бір жағынан-өзен, екінші жағынан-орман алқаптары алып жатыр. Археологиялық қазбаларды ешқашан көрмеген адам қатты таң қалады. Қарапайым адамның көзқарасы бойынша керемет ештеңе жоқ. Алайда бұл жерлерде Ботай мәдениеті туралы таңғажайып тарихи деректер сақталуда.

   Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания ғалымдарының зерттеулері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында б.з.д. IV мыңжылдықта жылқының қолға үйретілгенін дәлелдеді

   1980 жылы Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының барлау жұмыстары барысында (В.Ф. Зайберт, А. А. Плешаков, Г. Б. Зданович) тұрғын үй ойпаттарының 56 нақты кескіні тіркелді. Жалпы алғанда тұрғын үй шұңқырлары 80-ге жетті, кейінірек археологиялық зерттеулер 150 тұрғын үй шұңқырларының бар екендігін анықтады, олардың кейбіреулері шатқал мен жағалау аймағының кеңеюімен жойылды. Тасқын және еріген сулар, жел эрозиясы 1980 жылдан бастап ескерткіштің 3000 шаршы метрін қиратты. 2004 жылы ескерткіштің қираған бөлігінің ауданы 4000 шаршы метрді құрады. .

    "Ботай қонысындағы археологиялық ғылыми-эксперименттік зерттеулер және ботай мәдениетін жеткізушілердің қамтымасыз ету жүйелерін,  өмір салтын және дүниетанымдық-киелі мәнмәтінін модельдеу" ғылыми зерттеу жобасы аясында ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК  қолдауымен 2022 жылғы 29 мамырда  Ботай қонысында далалық стационарлық  археологиялық  зерттеу қазба жұмыстары  басталды. Негізгі мақсаты ботай қонысындағы тұрғын үй саны ішкі ошақтардың және басқа да шаруашылық шыңқырлардын орналасуын зерттеу.  

    Қазбаның жалпы ауданы 192 ш.м., 16 ш. м. 12 шаршыны құрайды, әр шаршының әріптік-сандық белгісі бар – A, B, C, D-I, II, III, IV. Кейінірек Е-I ' әріптік-сандық белгісі бар 2 м- 4 метрге дейін 4 жарты шаршы қосылды.

   2022 жылғы археологиялық қазба жұмыстары кезінде 3881 археологиялық жәдігерлер табылды. Олардың ішінде қырғыштар, найза ұштары, жебе ұштары, қысқа сапты найза ұштары, тас балта, тас пышақ, бұрғылар, ұнтақтағыш, тескіштер, қыш ұдыстың сынықтары, дискілермен ұршық тастар, сүйектен жасалған қалыпшалар, тупиктер және т.б. көптеген жәдігерлер табылды. 

   Жәдігерлердің ішінде ерекшеленетін ою-өрнек салынған жылқы фалангасы табылды. Ғалымдардың археологтардың айтуы бойынша бұл жылқы фалангалары салттық мақсатта қолданған деген тұжырым бар. Сондай –ақ 300 ге жуық қыш құмыра сынықтары табылды. Қыш құмыра сынықтары бір-бірінен ерекшеленеді. Қыш құмыралардың сыртындағы өю өрнектері әр түрлі бір-біріне ұқсас емес болып келеді. Ою-өрнектер жылқы сүйегінен дәлірек айтсақ жылқы қабырғасынан жасалған қалыпшалармен салынатын болған. Ою- өрнектер көбінесе геометриалық қадамдық әдіспен және түрту немесе тескіш арқылы тесу әдісімен өрнектелген.

   Дүниежүзі ғалымдары ботайлық қыш құмыраны зерттеп түбінен қымыз малекуларарын тауып ботайлықтардың жылқылырды үйретіп қана қоймай жылқылырды сауып сүт алып сүтті өндеп қымыз жасай білгенің дәлелдеді.

   Ғалымдар Ботайды 40 жыл бойы зерттеп келеді. Бірақ Ботай жері әлі күнге дейін шешілмеген көптеген құпияларды сақтауда.

    Ботай қонысында табылған кейбір артефактілерді археологтар көркем әдебиет деңгейінде қарастырады. Олардың арасында әйгілі бас сүйек бар. Адамның өмірі кезінде бастың үстінгі бөлігінде диаметрі 0,6 см болатын екі тесік бұрғылау арқылы трепанация яғни херургиялық ота жасалғаны анықталды. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, осыдан кейін жасөспірім тағы 17 жыл өмір сүрген зерттеліп анықталды.

    Ботай қонысы 40 жыл бойы зерттеліп келеді сондада ғалымдардын археологтардын ботай қонысына деген қызығушылығы азайған емес керісінше артуда. Ботай қонысында 180 ге жуық тұрғын үй орындары белгілі. Ботай қонысының барлық ашылмаған құпияларын зерттеп әлемге паш ету үшін әлі де 150-200 жыл уақыт керек сондықтанда  ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК  қолдауымен Қазақстандық археологтар дүниежүзі археологтарымен бірлесіп жұмыс жасауда. Ботай қонысы болашақта археологтардың жұмысы ақталып дүние жүзіне жаңа жаңалықтар әкелетініне сенімдіміз.

 

Материалды «Ботай» тарихи-мәдени музей-қорығы ұсынды

2246 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper