Анонс


Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы қазба жұмыстарын қорытындылады

Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 11:04
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі 2020 жылғы қазба жұмыстарын қорытындылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде археологиялық экспедициясының 2020 жылы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясында музей директоры Мейрам Дүйсенғали, аға ғылыми қызметкерлер Аслан Мамедов, Нұрсұлтан Баиров өткен жылы археологиялық экспедициясының облысымыздың аудандарында жүргізген зерттеу жұмыстарына тоқталды.

Археологтардың айтуынша, өткен жылы музейдің археологиялық экспедициясы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Шалқар, Ойыл және Ырғыз аудандарында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде түрлі хронологиялық шеңбердегі бірнеше жерлеу орындары зерттеліп, заттай жәдігерлер жинақталды.

Биыл музей археологтары Ойыл, Мәртөк, Әйтеке би және Байғанин аудандарына археологиялық қазба-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Конференция соңында музей қызметкерлері БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

 

Сағымбек  ҰЛЫҚПАНОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері

 

 

 

АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

«Ғұн-сармат кезеңі ескерткіштерінің архитектоникалық және кеңістікті сараптамасы» жобасы бойынша археологиялық барлау жұмысы 

Шеңбертал-І қорымының зерттелуі 

Шөптікөл-І қорымының зерттелуі 

Қаздыарал-І орнындағы апаттық зерттеулер 

Шалқар ауданы аумағында жүргізілген барлау жұмысы

 

1792 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper