Анонс


Орталық музейде «ШАҒЫН ЭКСПО-2016» көрмесі өтеді

Сейсенбі, 18 Қазан 2016 01:09
Орталық музейде «ШАҒЫН ЭКСПО-2016»  көрмесі өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2016 жылғы 21 қазанда сағат 10.00-де «ШАҒЫН ЭКСПО-2016»  атты инновациялық жобалар байқауының көрмесі  ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқау мақсаты - Алматы қаласының тұрғындарын «Экспо-2017» көрмесіне шығармашылықпен белсене қатысуға шақыру, азаматтардың инновациялық идеяларын қолдау және ынталандыру. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне жергілікті өңірлерді насихаттау және аймақ тұрғындары есебінен қатысушылар санын арттыру.

Көрмеге Алматы қаласындағы 40-тан астам өнертапқыштың жобалары қойылады.   

Аталған байқау қатысушылары «Ең үздік өнер­табыс»; «Ең үздік өнертапқыш әйел»; «Ең жас өнертапқыш»; «Жас дарын»; «Ең белсенді өнертап­қыш» деген  аталымдар бойынша бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Үздік шыққан идеялар мен өнімдер Астанада өтетін «Экспо-2017» көрмесіне жолдама алады.

2869 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper