Анонс


«Алтай мұрасы» халықаралық экспедициясы Шығыс Қазақстанға жетті

Сенбі, 18 Маусым 2016 23:37
«Алтай мұрасы» халықаралық экспедициясы Шығыс Қазақстанға жетті KAZMUSEUM.KZ -  

«Алтай мұрасы» халықаралық экспедициясы Шығыс Қазақстанға жетті, деп хабарлады 24.kz арнасы.

Астанадан шыққан экспедиция Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарынан соң Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне ат басын бұрды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Ұлттық университеттің 20 жылдығына арналған сапардың мақсаты – еліміздің жетістіктерін жан-жақты паш ету. Семейдегі Шәкәрім университетінде өткен кездесуде белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков оқу орнына автор ретінде Елтаңба макетін сыйға тартты. Құрамында тарихшылар, жазушылар, археологтар бар делегация Ресейдің Алтай өлкесі мен Алтай Республикасын аралап, танымдық зерттеулер жүргізіп, тағылымдық кездесулер өткізбек.

«Сол жердегі талантты жастармен ақылдасып, көріп, елге шақырып, Назарбаев Университеті, Еуразиялық Ұлттық университетіне, Шәкәрім Университетіне, сондай биік университеттерге келіп, білім алуына насихаттаушылардың бірі боламыз. Сонымен қатар алда келе жатқан EXPO-2017, оған келетін туристерді де айта отырып, автомобильмен де келуге болатынын, жолдың жақсы екенін, шекараның ашық екенін, соның бәрін түсіндіріп айтып келу», - деді Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. 

2398 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper