Анонс


Ұлттық музейдің "Сарыарқа" кешенді экспедициясы барлау жұмыстары кезінде 70 тарихи ескерткішті анықтады (ФОТО)

Бейсенбі, 09 Маусым 2016 15:05
Ұлттық музейдің "Сарыарқа" кешенді экспедициясы барлау жұмыстары кезінде 70 тарихи ескерткішті анықтады (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Републикасы Ұлттық музейі "Сарыарқа" кешенді экспедициясы жұмыстарының алғашқы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

2016 жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі "Сарыарқа" кешенді экспедициясының Ақмола облысы, Ерейментау ауданы бойынша археологиялық ескерткіштерін анықтау және паспорттау жұмыстары басталған болатын.

 Экспедицияның жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері және Ақмола облысының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметкерлері қатысты.

Экспедицияның жұмысы Ерейментау ауданының әлі зерттелмеген  оңтүстік аймақтарына бағытталған болатын. Барлау жұмыстары барысында тас дәуірінен ортағасырларға дейінгі мерзімге жататын 70-тен аса ескерткіштер анықталды.

Осы экспедицияның арқасында археологиялық ескерткіштерді уақытында анықтауға, олардың сақталу деңгейін бағалауға және алдын ала есепке алуға, оларды сақтау мен қорғауға мүмкін болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Ақмола облысының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы арасындағы алғашқы бірлескен тәжірибе болып табылады. 

2908 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper