Анонс


«Ежелгі Тараз» археологиялық саябағында қазба жұмыстары жалғасуда

Дүйсенбі, 07 Желтоқсан 2015 13:46
«Ежелгі Тараз» археологиялық саябағында қазба жұмыстары жалғасуда KAZMUSEUM.KZ -  

«I - XIX ғасырлардағы Ежелгі Тараз» қалашығы аумағында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті бюджеттен археологиялық қазбалар жүргізуге 2011 жылдан бастап 348 млн. теңге бөлінді. «Ежелгі Тараз» ескерткіші аумағындағы музей құрылысына республикалық бюджеттен 832,3 млн теңге түсті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Археологиялық сараптама» ЖШС мен «Қазархеология» ЖШС жүргізуде.

 «Сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша 2015 жылы «Ежелгі Тараз» қалашығы аумағына салынатын нысан құрылыстары аумағының шекарасы нақтыланды және қазба барысында табылған тұрғын үй орындары айқындалды. Аумақта ғылыми-зерттеу жұмыстары 2017 жылға дейін жалғасатын болады», - дейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының директоры Тәкен Молдақынов.

 «Ежелгі Тараз» жобасының негізгі мақсаты оны ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу арқылы жаңа ұлттық мәдени бренд құру болып табылады.

«Ежелгі Тараз» саябағы облыстың халықаралық туристік бренді болады деп күтілуде. Бұл нысан Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтары келетін қалалар тізіміне енгізілді.

 

2979 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper