Анонс


Музей мамандарына қойылатын біліктілік талаптары (ҚР МжСМ бұйрығы)

Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 14:17
Музей мамандарына қойылатын біліктілік талаптары (ҚР МжСМ бұйрығы) KAZMUSEUM.KZ -  

Музей мамандарының сұрауы бойынша «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығын жариялап отырмыз. Бұйрықтың қосымшасы көлемді болғандықтан бұйрықтың музей мамандарына қатысты 3-бөлімін ғана жарияладық. Өзге бөлімдері цирк, кітапхана, театр тәрізді салаларға ғана тиесілі.

 

ЕСКЕРТУ: Бұйрық 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап жаңа редакцияда жазылады. Жаңа нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады: ЖАҢА НҰСҚА

3-бөлім. Музейлердің, музей-қорықтардың басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Басшылық лауазымдары

Параграф 1. Музей (музей-қорық) директоры

      280. Лауазымдық міндеттері:

      мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      мекеменің саясаты мен стратегиясын анықтайды, музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

      жоспарлар, бағдарламалар мен жобаларды жасау мен жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет саласында олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

      ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық жағдайды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

      директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында қызметтің жекелей бағыттарын бөледі;

      шарттар жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есепті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда мүліктік мүдделерін қорғайды және өкілеттік етеді.

      281. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Бюджет кодексін;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы" (бұдан әрі – "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы"), "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы""Мемлекеттік мүлік туралы""Мемлекеттік сатып алулар туралы"заңдарын.

      282. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" немесе "құқықтану" немесе "экономика" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 2. Музей (музей-қорық) директорының орынбасары

      283. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін бірінші басшының жалпы басшылығымен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырады;

      қызмет саласында тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, жоспарларды жасауға қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды бақылайды.

      музей ісі, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеулердің жүргізілуін, әдістемелік құралдардың жасалуын қамтамасыз етеді.

      олардың тұтастығы мен сақталымын, жағдайын және дұрыс есепке алынуын, консервация мен қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.

      қаржыны басқару жұмысына басшылық етеді;

      қаржы тәртібінің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толықтай орындалуын, тапсырыс берушілермен, жеткізушілермен жасалатын қаржылық-шаруашылық операциялардың рәсімделуін қамтамасыз етеді;

      қаржылық қаражаттар қозғалысы жағдайын және мақсатты жұмсалуын, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін;

      келешекке арналған және ағымдағы қаржы жоспарларының және ақша қаражаттары бюджетінің жасалуын қамтамасыз етеді;

      жарықтандыру, жылу беру, желдету, салқындату жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шаруашылық және техникалық қызметтер жұмысына басшылықты жүзеге асырады;

      ұйымның ішкі еңбек тәртіптемесі мен жұмыс тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұйым директорының бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыс орындарына аттестаттау мен оңтайландыру жүргізу бойынша іс-шараларды дайындауды қамтамасыз етеді, ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды мекеме басшылығына ұсынады.

      284. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Бюджет кодексін;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын.

      285. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" немесе "құқықтану" немесе "экономика" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 3. Бас қор сақтаушысы

      286. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін бірінші басшының жалпы басшылығымен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады, есепке алу, сақтау, консервациялау және қалпына келтіру жөніндегі қызметтердің жұмысын үйлестіреді;

      ұйым аумағында және қорларында орналасқан музей заттарының, тарихтың жылжымалы және жылжымайтын ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      музей заттарын қабылдап алу, ескепке алу және ғылыми сипатталуын (паспортталуын) ұйымдастырады;

      қор сақтау қоймасының қажетті музей жабдықтарымен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады; музей заттарын сақтау тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      музей заттарын сақтау, физикалық жағдайын жақсарту, музей құндылықтарын қалпына келтіру, консервациялау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуді жүзеге асырады;

      ұйымның жұмыс жоспарлары және есебін, сондай-ақ келешек және жылдық жоспарлардың тиісті бөлімдерін жасайды;

      музей заттарының берілуін және олардың қайтарылуын, ғылыми баяндамалармен, мақалалармен, шолулармен сөз сөйлейді;

      дирекцияның, сараптама-тексеру және әдістемелік, қор-сатып алу және бағалау комиссияларының жұмысына қатысады;

      музей заттары мен музей коллекцияларының каталогтарын, қор материалдарының шолуын, әдістемелік ұсыныстарды жарияланымға әзірлейді;

      музейге түскен музей заттары мен музей коллекциларының тіркелуін, сақтау орнын шифрлауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      қабылдап алу мене тұрақты және уақытша беру актілерін, ішкі музей актілерін және актілерді тіркеу кітаптарын рәсімдеуді жүзеге асырады;

      музей заттарын сақтау қоры жөніндегі инвентарлық кітаптарда, арнайы инвентарлық кітаптарда, мұрағаттық тізімдемеде (инвентарлық кітап құқығымен) тіркеу мерзімін қамтамасыз етеді;

      музей заттарын сақтаушылармен музей заттарын сақтау мәселелері бойынша сабақтар өткізеді, музей заттарының сақталымын қамтамасыз ету саласындағы отандық және әлемдік жетістіктерді зерделейді;

      музей заттары материалдарына, құжаттар тобына, музейдің механикалық қорғаныс жүйелеріне, арнайы музей витриналарына (соның ішінде микроклиматты қолдау жүйелеріне) қойылатын талаптарды ескере отырып, музейдің күзет және қорғаныс техникалық құралдарын пайдалануды, күзет дабылдамасы, өрт дабылдамасы, өрт сөндіру дабылдамасы (газ, су) жүйелерін, кіргізу жүйелерін, бейнебақылау, жылыту, желдету және климатты бірқалыпта ұстау жүйелерін қоса алғанда қамтамасыз етеді және қызмет көрсетеді,

      287. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарын;

      музей құндылықтарын есепке алу және сақтау жөніндегі нұсқаулықты, жәдігерлерді қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік музейлердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін.

      288. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 4. Бас редактор

      289. Лауазымдық міндеттері:

      музейдің, музей-қорықтың ғылыми-әдістемелік әдебиеттерін, сондай-ақ ақпараттық материалдарын редакциялауды ұйымдастырады, әдебиеттерді олардың нарықтағы сұранысын ескере отырып басып шығарудың перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларының жобаларын, редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын және басылымдардың редакциялық және өндірістік үдерістерінің кестелерін жасауға басшылық етеді;

      қолжазбаларды ұсынудың, оларды теруге тапсырудың, корректура баспа-таңбасын өңдеудің және әдебиетті жарыққа шығарудың бекітілген мерзімінің сақталуын, сондай-ақ басылымдардың ғылыми және әдеби мазмұнын және олардың полиграфиялық орындалуының сапасын қамтамасыз етеді;

      авторлармен баспа шарттарын және музей әдебиетін басып шығару бойынша атқарылатын жұмыстарға тартылатын сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және тұлғалармен еңбек шарттарын (келісімшарттарды) жасасуға арналған материалдарды дайындайды, олардың орындалған жұмыстары үшін есеп айырысу бойынша құжаттарды рәсімдеуге қатысады;

      қолжазбалармен жұмыс барысында көмек көрсету мақсатында авторлардың кеңес жүргізулерін ұйымдастырады, түскен қолжазбаларды қабылдайды, оларды рәсімдеудің баспалық шарттарға сәйкестігін тексереді, қолжазбаларды рецензиялауға және редакциялауға жібереді;

      автордың келісім шарттарын орындаумен байланысты мәселелерді, редакторлардың қолжазбалар жөніндегі қорытындыларын қарайды және оларды басып шығаруды мақұлдау немесе қабыл алмау туралы шешімдерді қабылдайды, авторлар мен редакторлар арасындағы келісе алмаушылықтарды шешеді, музей, музей-қорық редакторларының біркелкі және бірқалыпты жүктелуін қамтамасыз етеді, олардың арасында жұмыстарды бөледі және музейлік басылымдарды редакциялаудың мерзімін бекітеді;

      басылымдардың өндіріске, басуға жіберілуіне қол қояды, бөлімшелердің атқарылған жұмыстары туралы есепті жасайды.

      290. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын;

      редакторлық және корректорлық жұмыстар әдістерін, қолжазбаларды өндіріске тапсыру, корректуралық баспа-таңбаларды баспаға әзірлеуді дайындауды, полиграфиялық өндірістің терминдерін, белгілері мен өлшем бірліктерін, технологиясын.

      291. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 5. Бас суретші

      292. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар мен көрмелерді көркемдік жобалаудың қағидаларын жасайды;

      тұрақты орындағы, жаңа және жаңартылған экспозицияларды, уақытша және көшпелі көрмелерді, музей, музей-қорық интерьерін көркемдік безендіруді, көрмелер мен музей іс-шараларын таныстыру жарнамасының, ұйымның шығармашылық жетістіктерін бейнелейтін бет-бейнелік өнімдерінің сапасын қамтамасыз етеді.

      экспозициялардың техникалық және жұмыс жобалауына–монтаждауға тікелей қатысады; безендіру макеттері мен эскиздерінің уақытылы ұсынылуын, экспозицияны дайындау мен таныстырудың жоспарының жасалуын қамтамасыз етеді;

      суретші-экспозиционерлердің, суретші-дизайнерлердің және экспозициялық-көрмелік бөлімнің мамандарының қызметін қамтамасыз етеді және оларға қажетті шығармашылық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      музей, музей-қорықтың экспозициялық-көрмелік бөлімнің кадрларын іріктеуге қатысады, олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді;

      музейлік экспозиция, технологиялар, дизайн және жаңа материалдар саласындағы ең жаңа жетістіктерді зерделеуді және енгізуді ұйымдастырады.

      293. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Жарнама туралы" заңдарын;

      экспозицияны музейлік безендірудің барлық компоненттерін жасау және әзірлеу қағидаларын, декорациялық өнер, музей ісі тарихын.

      294. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 6. Музей (музей-қорық) филиалының меңгерушісі

      295. Лауазымдық міндеттері:

      филиалдың экспозициялық-көрмелік, насихаттау, әдістемелік қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      филиал қорларының толықтырылуын және зерттелуін ұйымдастырады;

      музей, музей-қорық қорларындағы музей заттарының сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етеді;

      музей, музей-қорық экспозицияларын музейлік маңызы бар түпнұсқа заттармен толықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      музей, музей-қорық кадрларын ұтымды орналасуын және пйдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жұмыскерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, техника қауіпсіздігінің, өртке қарсы қорғаныс ережелерінің сақтауларын қамтамасыз етеді.

      296. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы""Мемлекеттік мүлік туралы""Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын;

      музей, музей-қорықтың қор, экспозициялық, насихат, зерттеу, әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттарын.

      297. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 7. Музей (музей-қорық) құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі
(орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың)

      298. Лауазымдық міндеттері:

      бөлімше қызметіне басшылықты жүзеге асырады, музей бағдарламалары, жобалары, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және музей ісі саласындағы мәдени саясатының тұжырымдамаларын, жаңа экспозициялар мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;

      ғылыми-зерттеу қызметінің дамуы мен жетілдірілуінің негізгі бағыттарын айқындайды, зерттеу және ғылыми әдістемелік, экскурсиялық және дәрістік жұмыстарды ұйымдастырады, музейдің ағымдағы және перспективалық жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      музей (музей-қорық) қорларының музейлік маңызы бар заттармен толықтырылуы жөніндегі жұмыстарды, ғылыми-анықтамалық, қызмет бағыты бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді ұйымдастырады.

      бөлім қызметкерлеріне қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді, музей заттарының бүлінуі, жоғалуы және ұрлануы жағдайында музей, музей-қорық басшылығын хабардар етеді;

      қорларға профилактикалық тексеруді ұйымдастырады, сақтау қоймасын дезинфекциялауды, құрғатуды, желдетуді қамтамасыз етеді, температуралық-ылғалдылық режимнің;

      қызметкерлермен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      музей заттарының сақталуына материалдық жауапкершілікте болады.

      299. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын.

      300. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 8. Қалпына келтіру шеберханасының меңгерушісі

      301. Лауазымдық міндеттері:

      музей, музей-қорықтағы қалпына келтіру жұмыстарына жетекшілік етеді. Музей, музей-қорық қорын тұрақты тексеріп, қалпына келтіруді қажет ететін музей заттарын анықтайды;

      бүлінген музей заттарының тарихи және көркемдік мәнін сақтай отырып, оларды бастапқы қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      қалпына келтіру шеберханасының жұмысын жоспарлайды, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезектілігінің кестесін жасайды;

      шеберхананың жұмысын талдайды, қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жасайды және оларды іске асырады;

      қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау мен, еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде шаралар қолданады және қондырғылар, аппаратуралар мен құрылғылардың сақталымын қамтамасыз етеді;

      ғылыми-техникалық жетістіктердің патенттелуі мен лицензиялануы және өнертабыстар мен өнертапқыштық ұсыныстардың тіркелуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      музейдің (музей-қорықтың) қор-сатып алу, бағалау және қалпына келтіру комиссияларының құрамына кіреді;

      қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кестелерінің дайындалуын қамтамасыз етеді, қажетті материалдар мен жабдықтарға өтінімді мезгілінде жасауға бағытталған іс-шараларды жасайды;

      жарияланымға музей заттары мен музей коллекцияларының каталогын, музей қорының материалдары шолуын, әдістемелік ұсынымдарды дайындайды, кееңстер береді;

      қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      музей заттарын сақтаушылармен музей заттарын сақтау мәселелері жөнінде сабақтар жүргізеді, музей заттарының сақталымын қамтамасыз ету саласындағы отандық және әлімдік жетістіктерді зерделейді;

      музей жәдігерлерінің жоғалуы және ұрлануының барлық жағдайы туралы директорды хабардар етеді, сондай-ақ музей жәдігерлерінің жоғалуы, ұрлануы және бүлінуі туралы барлық жағдайды, осы жағдайлардың орын алуының мән-жайын нақ белгілей отырып, шұғыл актілеу шарасын қолданады (актіге ұрланған немесе бүлінген жәдігердің суреті, суреті болмаған жағдайда – инвентарлық кітаптан дәл көшірмесі қосымша беріледі).

      302. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын;

      музей жәдігерлерін дайындау технологиясын, олардың физикалық және физикалық-химиялық ерекшеліктерін, қалпына келтіру саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, қалпына келтіру ісі өндірісінің әдістерін, қалпына келтіру ісінде қолданылатын құрылғылар мен материалдарды.

      303. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

3-бөлімнің 2-тарауы. Мамандар лауазымдары


Параграф 1. Қор сақтаушысы

      304. Лауазымдық міндеттері:

      музей заттарын сақтауды, олардың сақталымын және консервациялауды, жауапкершілікті сақтауға қабылданған музей заттарын зерделеуді қамтамасыз етеді, сақтау қорлары жөніндегі инвентарлық кітаптарда олардың тіркелуін тексереді;

      жауапкершілікті сақтауға қабылданған музей заттарын жүйелеуді, ғылыми-анықтамалық картотекаларын жасауды, музей-қорықтың электрондық деректер қорының тиісті бөлімдерін жүргізуді іске асырады;

      музей қоллекцияларын толықтыру бойынша жұмыстарға қатысады, музей заттарының сақталу жағдайына жүйелі бақылауды жүргізеді;

      қалпына келтіруге мұқтаж жәдігерлерді анықтау бойынша, сондай-ақ музей заттарының сақталымын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізуді жүзеге асырады;

      қалпына келтіру кеңесінде қарау үшін сақтау қорын қалпына келтіру және консервациялау бойынша тапсырмаларды дайындайды;

      музей заттарының және музей коллекцияларының бар-жоғын тексеруге және олардың есеп құжаттамасында бар-жоғын салыстырып тексеруге қатысады;

      құжаттық және сурет қорының сақтандыру көшірмесін жасау бойынша (өз құзыреті аясында) жұмыстарды қамтамасыз етеді, қор сақтау қоймасы бөлмелерінің температуралық-ылғалдылық режиміне бақылау жүргізеді;

      экспозициялар мен көрмелерді дайындау жұмыстарына қатысады, коллекциялар каталогтарын, сақтау қоры материалдарының шолуын, жұртшылықтың қор сақтау жөніндегі ақпаратпен байланысты сұранысы бойынша материалдарды жариялауға материалдарды дайындайды.

      305. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарын;

      экспонаттарды қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін.

      306. Біліктілікке қойылатын талаптар:  

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 2. Архивист

      307. Лауазымдық міндеттері:

      музейдің, музей-қорықтың негізгі есеп құжаттамасын рәсімдеуді, жүргізуді, сақтауды, есепке алуды, сақтандыру көшірмелерін жасауды жүзеге асырады;

      жаңадан түскен музей заттары мен музей коллекцияларын тіркеуді қамтамасыз етеді;

      қабылдап алу және тұрақты және уақытша пайдалануға беру актілерін, ішкімузейлік актілерді және актілерді тіркеу кітаптарын рәсімдеуді жүзеге асырады;

      музей заттарын сақтау қоры жөніндегі инвентарлық кітаптарда, арнайы инвентарлық кітаптарда, мұрағаттық тізімдемеде (инвентарлық кітап құқығымен) тіркеу мерзімін қадағалайды;

      музейдің, музей-қорықтың электрондық деректер қорының тиісті бөлімдерін жүргізеді;

      музей заттарының бар болуын тексеруге қатысады.

      308. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы", "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы""Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын.

      309. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" немесе г"уманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІI санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 3. Суретші-қалпына келтіруші

      310. Лауазымдық міндеттері:

      қалпына келтіру жұмыстарын атқарады;

      қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің әдістемесін және материалдарды таңдайды, қалпына келтіру жұмысы барысының мұқият құжатталуын қамтамасыз етеді;

      қалпына келтірілетін нысанды тексеруді және жағдайын сипаттауды жүзеге асырады, зерттеу нәтижелері негіздерінде бүлінудің себебі мен сипатын анықтайды;

      қалпына келтіру жұмыстарының жекелеген үдерісінің сурет бойынша белгіленіп, құжатталуы туралы фотографтарға нұсқау береді;

      экспозициядағы музей қорына тексеру жүргізеді;

      музей, музей-қорықтың сақтаушыларына музей заттарын сақтау мәселелері жөнінде кеңес береді.

      311. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын;

      қалпына келтіру жұмыстарының орындалу технологиясын, қалпына келтіру- консервация жұмыстарын жүргізу жөніндегі әдістемені және нұсқаулықты, қалпына келтіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.

      312. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 4. Дизайнер, суретші-дизайнер

      313. Лауазымдық міндеттері:

      көркемдік-дизайндық және көркем безендіру жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады, эскиздерді жасайды және экспозициялардың, көрмелердің макеттері жобаларының көркемдік безендірілуі бойынша жұмыстарды орындайды;

      көрмелік және экспозициялық коллекциялардың көркемдік безендіру жобасын жасауға қатысады.

      314. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы" заңдарын;

      көркемдік-безендіру жұмыстарының орындалу технологиясын, көркемдік-безендіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.

      315. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) I санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, арнайы кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 5. Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі суретші-әрлеуші

      316. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастырудың тұжырымдамасы мен әдістемелік бағдарламасын жасайды;

      реэкспозициялық іс-шараларға байланысты жаңа ұсыныстар енгізеді;

      бөлім меңгерушісімен бірлесіп, экспозициялық қызметтің негізгі бағыттарын анықтайды;

      экскурсия жүргізушілері мен суретші-дизайнерлерге экспозициялық және көрме жұмыстарының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша кеңестер береді;

      дәрістік және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындайды.

      317. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын;

      экспозициялық-көрме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін.

      318. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "музей ісі және ескерткіштерді қорғау" немесе "дизайн" немесе "кескіндеме" немесе "композиция" немесе "өнертану" немесе "баспа ісі" немесе "тарих" немесе "мәдениеттану" немесе "археология және этнология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "музей ісі және ескерткіштерді қорғау" немесе "дизайн" немесе "кескіндеме" немесе "композиция" немесе "өнертану" немесе "баспа ісі" немесе "тарих" немесе "мәдениеттану" немесе "археология және этнология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары ІI санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ cанаттағы: "музей ісі және ескерткіштерді қорғау" немесе "дизайн" немесе "кескіндеме" немесе "композиция" немесе "өнертану" немесе "баспа ісі" немесе "тарих" немесе "мәдениеттану" немесе "археология және этнология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "музей ісі және ескерткіштерді қорғау" немесе "дизайн" немесе "кескіндеме" немесе "композиция" немесе "өнертану" немесе "баспа ісі" немесе "тарих" немесе "мәдениеттану" немесе "археология және этнология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "дизайн" немесе "сурет өнері, мүсіндеу және графика" мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "дизайн" немесе "сурет өнері, мүсіндеу және графика" мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ cанаттағы: "дизайн" немесе "сурет өнері, мүсіндеу және графика" мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "дизайн" немесе "сурет өнері, мүсіндеу және графика" мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 6. Экскурсия жетекшісі

      319. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді;

      ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді;

      экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды;

      мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады.

      320. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдарын;

      өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін.

      321. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары ІI санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" немесе "әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес" немесе "қызмет көрсету" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "туризм" немесе "аударма ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 7. Әдіскер

      322. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның ғылыми қызметін ұйымдастыру және бағыттарының негізгі пәні негізінде музейлік-білім беру қызметінің әдістемесін жасайды;

      жас ерекшеліктері әр түрлі балалар мен жастар топтарына бағдарланған, балалар мен жасөспірімдердің бойында әлемді эстетикалық қабылдау, тарихи ойлау, әсерлі қабылдау дағдыларын қалыптастыруға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізуді жүзеге асырады;

      музейлік-білім беру бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады;

      музей қызметінің музейлік білім беру бөлімі бойынша келушілер арасында әлеуметтік сауалнамалар ұйымдастырады;

      балалар мен жасөспірімдер аудиториясына музейлік білім беру қызметінің мониторингін жүзеге асырады;

      музейлік білім беру ісінің әдістемелік құжаттарын басуға дайындауды жүзеге асырады;

      ғылыми-әдістемелік жұмыс жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды жасайды.

      323. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын;

      музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, сақтау, зерттеу, жариялау, сақталымын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, педагогика негіздерін, әлеуметтану негіздерін, балалар және әлеуметтік психологиясы, риторика, дидактика, заманауи коммуникативтік технологиялар негіздерін, экспозициялық-көрмелік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін.

      324. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІI санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Параграф 8. Редактор

      325. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар мен көрмелерді редакциялайды, аударады, басады, мәтіндерді және этикетажды көбейтеді;

      буклеттерді, каталогтарды, плакаттарды, афишаларды, конференция материалдарын, ғылыми мақалалар жинағын және басылымдарды баспаға дайындайды және шығарылымын қамтамасыз етеді;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен, газет, журнал редакцияларымен, телевидение және радио, ақпараттық агенттіктермен, баспалармен ұйымның қызметін, музейлік және музейден тыс экспозициялар мен көрмелерді насихаттау бойынша байланысты жүзеге асырады;

      ғылым, музей ісі салаларындағы аудармаларында қолданылатын түсініктер мен анықтамаларды, сондай-ақ орындалған аудармаларды есепке алу және жүйелеу бойынша жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      аудармалардың түпнұсқаның лексикалық, стилистикалық және мәндік мазмұнына дәл сай келуін, қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты бекітілген талаптарды сақтай отырып, қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімде аудармаларды орындайды.

      326. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы""Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы""Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңдарын;

      орындалатын жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды, ұйым қызметінің бағытын, ғылыми аударманы, аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы жүйесін, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалар тақырыбы бойынша терминологияны, ғылыми және әдеби редакциялаудың негіздерін, қазақ және орыс тілдерінің стилистикасын.

      327. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      2) І санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      3) ІІ санаттағы: "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер" немесе "гуманитарлық ғылымдар" мамандықтар тобы бойынша немесе "экология" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) I санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, арнайы кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

3-тарау. Басқа қызметшілердің (техникалық орындаушылар) лауазымдары
Параграф 1. Музей қараушысы

      328. Лауазымдық міндеттері:

      жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз қызметтерін жүзеге асырады;

      күнделікті экспозицияларды таңғы және кешкі тексеруді жүзеге асырады,

      келушілер үшін музей, музей-қорық ашылудан бұрын сеніп тапсырылған экспозицияны тізім бойынша қабылдап алып, жұмыс аяқталғаннан кейін басшыға өткізеді;

      витриналарға күтім жүргізеді, этикетаждың бар болуын, музейдегі, музей-қорықтағы температура мен ылғалдылық деңгейін тексереді, кезекші журналға жазбаларды енгізеді;

      музей, музей-қорық бойынша анықталған бұзушылықтар мен ескертпелер журналын жүргізеді;

      анықталған кемшіліктер туралы оларды жою үшін өндірістік персоналға, шаруашылық қызметке жедел хабарлама береді;

      музей заттарының бүлінулерінің, жоғалуы мен ұрлануының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      жәдігерлердің сақталымы жағдайын қадағалауды жүзеге асырады;

      әйнектер мен жәдігерлердің толық сақталымын қадағалайды;

      келушілерге қызмет көрсеткенде қызметтік этикетті сақтайды;

      музей, музей-қорықтың жұмыс тәртібін сақтайды;

      өрт сөндіру құралдарын пайдалану машығын біледі;

      материалдық жауапкершілік туралы шарттарға сәйкес өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

      329. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы" заңдарын.

      330. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне қатысты талаптар қойылмай, жалпы орта білім.

 

8334 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper