Мәдениет және өнер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің жинағы (ЖҮКТЕП АЛУ)

Жұма, 03 Ақпан 2017 01:55
Мәдениет және өнер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің жинағы (ЖҮКТЕП АЛУ) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінің құрастыруымен мәдениет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жинағы жарық көргенін хабарлаған болатынбыз. Назарларыңызға аталған жинақтың электронды нұсқасын ұсынамыз.

Жинаққа түсініктеме

Жинақ Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы мен  Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы негізінде жазылған. Қазақ және орыс тілдерінде құрастырылып, екі бөлімнен тұрады.  Жинақтың бірінші бөлімінде Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер, екінші бөлімінде Мәдениет және өнер саласындағы нормативтік құқықтық актілер жарық көрді.

Мәдениет саласының дамуы мен сақталуында заманауи заңнамалар жүйесі өте маңызды болып табылады. Аталмыш бағытта Қазақстан Республикасының мемлекетттік органдары мәдениет саласының нормативтік құқықтық қорын жетілдіру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бүгінгі күні мәдениет саласында Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдеде қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы және 2006 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған «Мәдениет туралы» заңы қолданылады. Аталмыш заңдарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және өнер саласын реттейтін 25 нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Ұсынылып отырған басылымға мәдениет және өнер саласын реттейтін 39 нормативтік құқықтық акті енгізілді.

Жинақта тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, музей және кітапхана ісі, кинемотография, театр және музыка өнері салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұсынылған.

Жинақта құжаттар тақырыптық және құқықтық реттелуіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің қабылданған сыныптамасына сай орналастырылған. Жарияланып отырған құжаттар тізбесі жинақтың мазмұнында көрсетілген.

Басылым мемлекеттік мәдениет мекемелердің қызметінде және мемлекеттік ұйымдардың іс-тәжірибелік жұмыстарында пайдалануға арналған.

Жинақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры Д.Қ. Мыңбайдың жалпы редакциясымен дайындалды. Құрастырушылар: А.К. Сатыбалдин, Л.Е. Түменова.

 

Пайдалану ережесі

  1. Жинақты  көшіріп таратуға тиым салынады;
  2. Жинақты пайдаланған кезде ҚР Ұлттық музейінің авторлық ұжымына сілтеме жасалуы міндетті;
  3. Жинақты kazmuseum.kz сайтынан басқа ресурстарға орналастыруға қатаң тиым салынады;
  4. Жинақты тек әдістемелік немесе ақпараттық мақсатта қолдануға рұқсат етіледі.

 

Жинақтың барлық авторлық құқықтары қорғалған.  ЖҮКТЕП АЛУ үшін көрсетілген белсенді сілтемені басыңыз.

1369 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper