Анонс


Мәскеуде қазақ суретшілерінің көрмесі ашылды Таңдаулы

Сейсенбі, 28 Шілде 2015 15:55
Мәскеуде қазақ суретшілерінің көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Мәскеудегі Иванов Ұлттар үйінде қазақстандық суретшілердің көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, экспозицияда қазақстандық қылқалам өнерінің негізін қалаушы Қанафия Телжановтың, қалың көпшілік мойындаған пейзаж шебері Жанатай Шәрденовтың, белгілі суретші-аномалист Нұрлан Бәжіровтың, далалық бай мәдениеттің иллюстрацияларының авторы Нэлли Бубэнің, Досбол Қасымовтың (тақырыбы философия, адам мен табиғаттың үйлесімдігі) және лирикалық пейзаж көріністерінің авторы Қойшыбек Мамақовтың шығармашылығы ұсынылған.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту шарасының аясында Иванов Ұлттар үйінде Кеңес Одағының екі дүркін батыры, КСРО-ның еңбегі сіңген ұшқышы, генерал-майор талғат Бигелдинов туралы «Әуеге көтерілу» атты деректі фильмінің көрсетілімі болды.    

 

 
2525 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper