Анонс


Акцияға қатысқандар атақты музейді тегін аралайды

Дүйсенбі, 20 Шілде 2015 16:23
Акцияға қатысқандар атақты музейді тегін аралайды KAZMUSEUM.KZ -  

Башқұртстанның ұлтық музейі балалардың кітап көрмесін ұйымдастыру үшін Уфа тұрғындарынан көмек көрсетуді сұрады. Қызметкерлер музейге ХХ ғасырдың балалар әдебиетін (өлеңдер, ертегілер, әліппелер мен оқулықтар ) сыйға тартуды өтінді, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі. 

Cыйға тартылған кітаптар 1-қыркүйек - Білім күні ашылатын көрмеге қойылмақ. Сонымен қатар, музей қызметкерлері кітап оқып отырған балалардың суреттері немесе оның көшірмесін де қабылдайды. Суреттер ХХ ғасырда және сандық технологияға дейін түсірілген болуы тиіс.

Экспонатты сыйға тартқандар музейді тегін аралау құқығына ие болады. Ал, ең белсенділеріне сыйлықтар үлестіріледі.

2015 жылдың 26 тамызына дейін созылатын шара Башқұртстанның барлық мемлекеттік және муниципалдық музейлерін қамтиды.

 

 
2728 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper