Анонс


Қиыр Шығыстан 2,8 мың жыл бұрынғы қоныс табылды

Жұма, 17 Шілде 2015 18:14
Қиыр Шығыстан 2,8 мың жыл бұрынғы қоныс табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ресейдің қиыр шығысы Владивосток порты маңайынан 2,8 мың жылға жуық тарихы болуы мүмкін көне тұрақ-жай табылды, деп жазады baq.kz сайты. 

Көне тұраққа «Тасбақа - 7» атауы беріліп отыр. «Ең бір атап өтерлік зат бұланның мүйізінен жасалған қастерлі жәдігер. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл зәкірдің бір бөлігі. Бұл заманда тек қана аң аулаумен ғана емес, сонымен бірге ашық теңізге қайықпен балыққа шыққан» деп хабарлайды Қиыр шығыс федералді университетінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге әшекейлер мен қару-жарақ, көне зәкір фрагменті, тамақ қалдықтары табылып отыр. Бұл өз кезегінде көне заман тұрғындарының соғұрлым жылы әрі ылғал климатта өмір сүргендерін болжауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта университеттің зерттеу қызметі табылған құнды жәдігерлерден арнайы көрме ұйымдастыратын болады.

 
2643 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper