Анонс


Өзбекстанда жаңа музей жұмысын бастады

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 13:31
Өзбекстанда жаңа музей жұмысын бастады KAZMUSEUM.KZ -  

Өзбекстанның ақпарат агенттігінің хабарлағандай, Хиуа қаласында  байланыс музейі өз жұмысын бастады.

Аталмыш музейде 1,5 мыңнан астам байланыс тарихын көрсететін түрлі жәдігерлер мен  340-тан астам әр дәуірдің байланыс құралдары сақталаған. Жәдігерлердің ішіндегі ең танымалы 1949 жылғы теледидар қондырғысы болып отыр.

Сонымен қатар, музейде заманауи 3D құрылғылары арқылы елдің басқа да музейлерінің байланыс құрылғылары және көрме экспонаттарымен танысуға болады.

Алтын ЗАЙНУЛЛИНА,

ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері

 
2681 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper