Анонс


Берлин музейі заңсыз жолмен келген жәдігерді қайтарды

Сәрсенбі, 29 Сәуір 2015 21:49
Берлин музейі заңсыз жолмен келген жәдігерді қайтарды KAZMUSEUM.KZ -  

Берлин музейінің қорында сақтаулы тұрған Ирак мемлекетінің антикалық дәуірдегі жәдігері Бағдатқа қайтарылатын болды. Бұл жәдігерді 1980 жылдары белгісіз біреулер Германияға сыйлық ретінде жіберген, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Екі ел арасындағы келіссөздер сәтті жүргізіліп, б.з.д ІІІ ғасырларға жататын сазбалшықтан жасалған мүсіндер Ирак тарапына берілмек. Аталған жәдігерді зерттеген ғалымдар Ирак жерінде б.з.д 2047-2038 жылдары билік құрған Амар-Суэн патшаның тұсына жатады деген қорытындыға келген. Жәдігер табылған Эриду қаласының өркендеуі де осы уақытқа сәйкес келеді.

Берлин музейі жәдігердің ел аумағына заңсыз жеткізілуіне байланысты Иракқа қайтаруға келісті. Музей басшылығының жәдігерді өз еркімен қайтаруына байланысты қылмыстық іс қозғау тоқтатылды. 

2750 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper