Анонс


Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағының сынған бөлігі музейден қайтарылды

Дүйсенбі, 20 Сәуір 2015 15:15
Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағының сынған бөлігі музейден қайтарылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Ейск қаласының музейіне қойылған Malaysia Airlines әуе компаниясы ұшағының сынған бөлігі Донбассқа қайтарылды, деп хабарлады "Деловой Ейск" басылымы.

Апатқа ұшыраған ұшақтың сынған бір бөлігі осыдан бірнеше ай бұрын Краснодар өлкесінің музейіне берілген болатын. Музей басшылығының ұшақ сынығын Донбасс басшылығына қайтарып беруіне халықаралық тергеушілер тобының ұсынысы себеп болған. Осы уақытқа дейін апат себептері анықталып жатқан ұшақтың сынықтары қазіргі уақытта толық жинастырылып болды.

Айта өтейік, 2014 жылдың 17 маусымында Malaysia Airlinesәуе компаниясының ұшағы Донецк әуе кеңістігінде апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде 298 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 

2398 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper