Анонс


Жалғыз экспонаты бар музей ашылмақ

Дүйсенбі, 20 Сәуір 2015 15:14
Жалғыз экспонаты бар музей ашылмақ KAZMUSEUM.KZ -  

Иран астанасы Тегеранда бір ғана жәдігері бар музей ашылады. Жәдігердің тарихи хронологиялық жасы 7000 жылдан асады, деп хабарлады ирандық ИРНА агенттігі.

Ел астанасының көшелеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде табылған жәдігерге ғалымдар «Тұзды адам» деген ат қойған. Бүгінгі күні «Тұзды адамның» қайтыс болған кездегі жасы шамамен 18-20 жастағы адам екені белгілі болды. Осы уақытқа дейін жақсы сақталып келген «Тұзды адам» ежелгі дәуірдегі мумияларды сақтау әдісі бойынша жерленген.

Иранның мемлекеттік музейіне қойылған «Тұзды адамды» ғалымдар жеке музейге қоюды ұсынған. Ғалымдардың айтуынша, бұл жәдігер мемлекеттің тарихи хронологиялық шеңберін одан әрі ұзартады. Сонымен қатар, кейбір талас тудырған тарихи деректерге де өз себебін тигізбек. Алғашқыда қала тұрғындары «Тұзды адамға» жеке музей ашуға қарсы болғанымен, ғалымдардың пікірлерінен соң ғана келісімдерін берген.

 

2497 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper