Анонс


Бішкекте Орталық Азиядағы алғашқы су музейі ашылады

Дүйсенбі, 20 Сәуір 2015 09:14
Бішкекте Орталық Азиядағы алғашқы су музейі ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

2015 жылғы 22  сәуірде Бішкек қаласында К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің базасында Орталық Азиядағы алғашқы су музейі ашылады. Бұл туралы Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Университетте инженерлік және декоративтік жұмыстар 4 жылдан бері жүргізілгені айтылады. Мұражай экспонаттарының көп бөлігі интерактивті. Бұл келушілерге су айналымының үрдісін терең түсінуге мүмкіндік береді.

2011 жылы музейді құруға «АКМЕНА»  қоғамдық бірлестігі бастамашылық етті. Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығы мен БҰҰДБ қорының Қырғызстандағы жаһандық экологиялық қордың шағын гранттар бағдарламасы су музейін құру идеясын қолдады, деп жазады inform.kz. 

2817 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper