Анонс


Өзбекстанның мемлекеттік музейі Әмір Темірдің дүниеге келген күнін атап өтуде

Жұма, 10 Сәуір 2015 11:24
Өзбекстанның мемлекеттік музейі Әмір Темірдің дүниеге келген күнін атап өтуде KAZMUSEUM.KZ -  

Ташкенттегі мемлекеттік музейде Әмір Темірдің туғанына 679 жылдығына орай ресми шаралар басталды. Бұл туралы trt.net.tr сайты хабарлады.

Мерекелік шараларда Темірдің басқару және әскери саладағы қабілеті мен ғылым және көркем өнерге көңіл бөлгені атап өтілді.

Бұл шара Өзбекстан көлемінде бір апта бойы ұйымдастырылады.

Әмір Темір 1336 жылы Өзбекстанның Шахрисабыз ауданында туған. 1370 жылы таққа отырған Темір 1405 жылғы 18 ақпан күні Қытай жорығына бара жатып, Отырар қаласында қайтыс болды.

Тарихта Темірлан деп аталған билеушінің қабірі Өзбекстанның Самарқанд қаласында.

2936 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper