Анонс


Әлемнің ең әйгілі музейлерінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталуда

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2015 20:16
Әлемнің ең әйгілі музейлерінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталуда KAZMUSEUM.KZ -  

XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнап жасалған алты шырағданның екеуі бүінгі күні Лувр және Эрмитаж музейлерінде сақтаулы. Ал, дәл осындай шамдардың төртеуі Қазақстан музейлерінде сақталып, қазіргі уақытта Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінде халыққа ұсынылды. 

Адам бойынан асатын шырағдандар араб жазуларымен безендірілген. Бұл жазбаларда шырағдандарды Әмір Темірдің бұйрығымен Исфахандық шебер жасағандығын баяндайды. Барлық әскери қақтығыстарда Ақсақ Темір тұтқындыққа қолөнершілерді алуды бұйырғандығы  баршаға мәлім.

Ирандық шебердің қолынан шыққан шырағдандар нағыз өнер туындылары болып шықты. Олардың салмағы өте ауыр – бір шырағданды бірнеше ер адамның көмегімен ғана орнынан ауыстыруға болады. Ең қызықтысы – бұл шырағдандарды басына май құйып, білтесін тұтандырса, оларды қазіргі таңда да қолдануға болады. 

3295 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper