Анонс


Эрмитажға кіру тегін болмақ

Сейсенбі, 02 Желтоқсан 2014 16:35
Эрмитажға кіру тегін болмақ KAZMUSEUM.KZ -  

Әлемдегі әрі Ресейдегі ірі мәдени-тарихи музейлердің  бірі Санкт-Петербордағы Эрмитаждың 250 жылдығына орай, оған тегін кіруге болады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында музей директоры Михаил Пиотровский айтты, деп хабарлады Интерфаксқа сілтеме жасап ҚазАқпарат агенттігі. 

10 желтоқсанда Эрмитажға кіру тегін болмақ. Сондай-ақ Пиотровский желтоқсанның әр бейсенбісінде Бас штабтың шығыс қанатына да кіру тегін болатынын айтты.

«Біз 7-9 желтоқсан аралығында мерейтойымызды атап өтеміз. Оны тойлаудың нақты күні жоқ, осы жыл бойы аталып өтіледі. Қазір соңғы 25 жылды қорытындылап жатырмыз, бұл кезеңде елде де, Эрмитаж өмірінде де көптеген айтулы оқиғалар орын алды. Қазір күн сайын 2-3 көрмеден ашудамыз», - деді Пиотровский.

Сондай-ақ 6 желтоқсанда жұртшылық назарына Эрмитаждың мерейтойын меркелеу аясында «Тарих балы» 3D қойылымы ұсынылады. Бұдан басқа тағы бірнеше бал ұйымдастырылмақ.

5450 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper