Анонс


Стамбулда Қазақстан музейлерінің мүмкіндіктері таныстырылды

Сәрсенбі, 25 Қыркүйек 2019 13:45
Стамбулда Қазақстан музейлерінің мүмкіндіктері таныстырылды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркияның Стамбул қаласында өткен «Ұлы Жібек жолындағы музейлер» атты көрмеде Қазақстан музейлері көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Халықаралық көрмеде отандық ҚР Ұлттық музейі мен Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің тарихы, Қазақстан қоғамындағы рөлі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Көрмені Түркияның музей мамандары мен тарихшылары, Стамбул қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, туристер тамашалауда. Бір апта көлеміне жоспарланған көрме 27 қыркүйекте жабылады.  

Қазақстандық музейлердің көрмеден орын алуына Kazmuseum.kz қоры мүмкіндік жасады.

15879 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper