Анонс


Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрме ашылады

Бейсенбі, 28 Қараша 2019 16:03
Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2019 жылғы 5 желтоқсан күні, сағат 16.00-де Қазақстан акварелінің шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.   

Көрмеге 70 астам графикалық және кескіндемелік туындылар қойылған. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясынан, сол сияқты суретшінің отбасылық жинағынан да  алғаш рет қойылған туындылар бар. Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің қалыптасуы мен даму кезеңінің бүтін бір дәуірін бейнелейді. Тынымсыз шығармашылық ізденісі, адамға, айналасындағы бүкіл әлемге деген еркін сүйіспеншілігі, ол Қазақстандағы көркемдік үдерістің дамуындағы бірегей құбылыс ретінде мойындалды. Ол шығармашылық жолын Қазақстан бейнелеу өнеріне адал қызмет жасауға арнады.

Ү. Әжиевтің туындылары біздің еліміздің мәңгілік мәдениет ескерткіші болып табылады, сондай-ақ Қазақстанды әлемнің ең үздік бейнелеу өнері жинақтарында әйгілі етеді: Лондон архитектура және өнер музейі (TateBritain), Мемлекеттік Третьяков галереясы, Шығыс музейі (РФ Мәскеу қ.), ТМД елдері - Киев, Баку, Вильнюс, Рига музейі, Франция, Италия, Германия, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің жеке коллекцияларында.

Көрме 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін жалғасады.  

2573 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper