Анонс


Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі «GIF. Жанды картиналар театры» жобасын ұсынды

Сейсенбі, 28 Мамыр 2019 23:16
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі «GIF. Жанды картиналар театры» жобасын ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Музей арт-терапиясы»  жобасы аясында және Жастар жылына орай «GIF. Жанды картиналар театры» атты театрландырылған шарасы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Аталған шара «Секретная база» шығармашыл жастар бірлестігімен бірігіп өткізілді. Бұл спектакльге  психологтар, дәрігерлер, дизайнелер, археологтар, актерлар тәрізді әр түрлі мамандықтағы жастар қатысты

Көрермендер назарына Ван Гог, Карл Брюллов, Марк Шагал, Казимир Малевич, Эдвард  Мунк  және тағы басқа суретшілердің жанды картиналары ұсынылды.

Дәстүрлі жанды картиналардан бұл театрдың ерекшелігі экскурсия барысында  нақты фигураларға жан бітіп  монолог оқыды, музыкалық инструментте ойнады, авторлық әндері мен өлеңдерін оқыды.  «Қара квадраттың» оқыған монологы көрермендердің ерекше қызығушылығына ие болды.

Спектакльдің соңында әр көрермен ақ параққа тақалып қыл қаламмен және бояумен ұжымдық картина салып, оны музей қорына тапсырды.

 

2033 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper