Анонс


Түркістанда суретшілер пленэрі өтті (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 18 Тамыз 2017 16:30
Түркістанда суретшілер пленэрі өтті (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістанда  ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің суретшілерінің пленэрі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қылқалам шеберлері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында кенеп бетінде майлы бояумен салынған кескіндемелік 28 этюдтік жұмысты жасап шықты.

Қатысушылар арасында Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ, Ресей, Украина, Болгария, Молдавия елдерінен 17 суретші, ал елімізден Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларынан 13 кәсіби суретші бар.

 

Суреттерді түсірген: Б.Бертаев

12368 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper