Анонс


Қарағандыда Жезқазған аймағының тарихына арналған көрме ашылды

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 04:09
Қарағандыда Жезқазған аймағының тарихына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қарағанды облысы музейлерінің апталығы» шарасының шеңберінде Жезқазған тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспозиция «Тарихтың үнсіз куәгерлері» деп аталады. Мұнда музейдің ашылуынан бастап 1978-ші жылдан бері жиналған ең қымбат жәдігерлері қойылған.

Көрмеде Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихымен танысуға болады. Көрме бөлімдері келесі тақырыптар бойынша бөлінген: «Сарыарқаның көне жолдары», «Ескерткіштер – тарихтың үнсіз куәгерлері», «Уақыт үндестігі».

- Біздің музей 1978-ші жылы құрылған. Бүгінгі күні онда 50 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың ішінде сирек кездесетін дүниелер де бар. Бұл көрмеге біз 70 жәдігер алып келдік. Олардың барлығы – түпнұсқа. Биылғы жылы бізде «Тарихта өз атыңды қалдыр» деген акция өтті. Ол акция шеңберінде Тайжан Қалмағамбетовтың ұрпақтары біздің музейге оның сырнайын қалдырған еді. Оны да осында алып келдік, - деді Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры Раушан Қаппарова.

Көрмеге келушілер былғарыдан, қазақ халқының ағаш пен металдан жасалған ыдыстарын, қымыз сақтауға арналған құмыра, бие сүтін құятын былғары ыдысты, кеселерге арналған құтылар, ерлердің белдіктері, әйелдердің әшекейлерін көре алады.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрмесі 17-ші шілдеге дейін жалғасады. Оны Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінен көруге болады. Мекен жайы: Ерубаев көшесі, 38. Кіру тегін.

 

13662 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper