Анонс


Отырар қорық-музейінің ұйымдастыруымен Көкшетауда көрме ашылды (ФОТО)

Жұма, 19 Мамыр 2017 04:42
Отырар қорық-музейінің ұйымдастыруымен Көкшетауда көрме ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Фараб-Отырар өркениеті» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Салтанатты жиынды тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадіржан Абуев және Ақмола облыстық туризм басқармасының бастығы Шынарбек Батырханов ашып берді. Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Кенжебай Мұқышев Отырар қорық-музейіне өз ризашылығын білдіріп, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатын табыс етті. Отырар қорық -музейінің "Қор сақтау" ғылыми-зерттеу бөлемінің меңгерушісі Ералы Шоқай өз сөзінде көрменің маңызы мен мазмұнына тоқталып өтті.


Қазақ өркениетінің алтын діңгегі – Отырар тарихын көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде музей қорынан ІХ ғасырға тән археологиялық жәдігерлер мен ХІХ-ХХ ғасырлардағы этнографиялық зергерлік бұйымдар жиынтығынан жәдігерлер экспозицияланып, өңір тарихынан мәлімет беретін деректер қамтылған көрме көрермендерге таныстырылды.

Көрменің ашылуына Көкшетау қаласының мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер мен оқушылар және қала тұрғындары қатысты.
Көрме 2017жылдың 18 маусымына дейін жалғасады.

 

13062 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper