Анонс


Көкшетау тұрғындары Отырар музейінің экспонаттарын тамашалай алады Таңдаулы

Сейсенбі, 16 Мамыр 2017 04:46
Көкшетау тұрғындары Отырар музейінің экспонаттарын тамашалай алады KAZMUSEUM.KZ -  

Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Фараб-Отырар өркениеті» атты көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақ өркениетінің алтын діңгегі – Отырар тарихын көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде мұражай қоры жинағындағы ІХ- ғасырларға тән археологиялық жәдігерлер мен ХІХ-ХХ ғасырлардағы этнографиялық зергерлік бұйымдар жиынтығынан жәдігерлер экспозицияланып, көрермендерге өңір тарихынан мәлімет беретін деректер қамтылады.

Көрме 2017жылғы 17 мамырда сағат 15:00-де ашылып, 2017жылдың 18 маусымына дейін жалғасады.

8190 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper