Анонс


Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі Зои Севердің «Израиль реңктері» көрмесіне шақырады

Жұма, 12 Мамыр 2017 04:10
Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі Зои Севердің «Израиль реңктері» көрмесіне шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Израиль Елшілігінің қолдауымен израильдік суретші Зои Севердің «Израиль реңктері» көрмесі ашылады. Оған суретшінің 20 кескіндемелік туындысы қойылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.    

Көрме алуан келбетті Израиль еліне арналған. Бұл бір ғажайып жер өткен заман мен бүгінгі заманның торабында тұр. Оның әрбір бұрышы ерекше атмосфера мен тарихқа толы.

Суретші көрерменді өзінің «Израилімен» таныстыру үшін пейзаж жанрына ден қояды, оның сәулетімен, тұрғындарымен, аспанмен тілдескен зәулім үйлерімен, фонтандарымен және саябақтарымен қоса қаланың көрікті көрінісін ашады. Автордың шығармашылығында нақ бір калейдоскоптағыдай шығыс пен батыс, ескі қалалар мен заманауи сәулет, шөл пейзаждары мен теңіз жағалаулары, таңғажайып ағаштар бәрі араласып кеткен. Ол өз картиналарында натураға еліктемейді, тек декоративтік шешім арқылы  оны түрлендірген.

Суретші Украинада Львов қаласында дүниеге келді, ата-анасымен бірге Израильге көшіп барды. Иерусалимде «Бецацель» өнер академиясын бітірді. Зои Север – көптеген ұжымдық көрмелер мен аукциондарға – («Bonhams» Лондон аукционы, өзіне көп атақ әперген Tiroche» Израиль аукционына, Париждің Memoire de L'Avenir көрме залында өткен ұжымдық көрмелерге («Espace Urbain» («Городское пространство») қатысушы. Германия, Польша, Франция және т.б. елдерде өзінің бірнеше жеке көрмесін өткізді. Қазіргі таңда Тель-Авивте тұрып, еңбек етеді.

Суретші шынайылық пен қиял оңай сіңісіп кететін қуанышты өмір түрліше әрі бірдей жарқын көріністерде өмірге толы нұрлы әлемді көрсетуге талпынады.

Көрменің ашылуы 2017 жылғы 19 мамыр күні сағат 18.00-де өтеді.

2601 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper