Анонс


«Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» атты халықаралық көрме ашылады

Сейсенбі, 18 Сәуір 2017 02:10
«Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» атты халықаралық көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер музейінде «Жұлдыздар тек армандағандарға ғана жарқырайды» атты халықаралық көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Экспозицияда Қазақстан, Рессей, Украин, Румыния, Грузия, АҚШ, Италия, Израиль, Жапон суретшілерінің туындылары көрсетіледі. Көрмеде гобелен, кескіндеме, графика, зергерлік өнер туындылары қойылады.

Жобаның авторы - суретші Лейла Ахмет Осман, көрмені ұйымдастырушы - суретші Мәлік Жұмағұлов.

Бұл жобада  ерекше «сан» жазылған тасбақаның бейнесі сәттілік пен есен-саулықтың нышанына айналған  құбылыс негізделген. Тасбақаның үстіндегі сандар өзіндік келісімде шифрланған коды ерекше бір сырдың маңызын ашатындай. Жобаның  мақсаты  әлемнің өнер тарландарының «Әлем мінсіз емес, бірақ оны әдемі де еркін ету біздің қолымызда» - деген қағиданы ұстана өз көзқарастарын таныту.

Көрме 2017 жылғы 20 сәуір күні сағат 16.00-де ашылады. 

2272 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper