Анонс


«Абай жолы» тақырыбына арналған көрме ашылды

Дүйсенбі, 20 Наурыз 2017 03:38
«Абай жолы» тақырыбына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Наурыз мерекесіне орай әйгілі суретші, зергер Сержан Бәшіровтің «Абай жолы» – руханият жолы» этнографиялықжеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрменің негізгі мақсаты - келешек ұрпаққа қазақ халқының зергерлік өнерінің тарихы мен салт-дәстүрін таныстыру.

Жаңа форматтағы аудио-видео құралдарын пайдалану арқылы «Абай жолы» романынан үзінділер келтіре отырып таныстырып, көрмеге қойылған әрбір экспонаттың мәні мен маңыздылығын аша түсті.

Көрмеге ел арасынан жинаған көненің көзіндей болған сандық, кебеже түрлері, тұскиіз, алаша, оларды тоқуға арналған құрал-саймандар, ер адамдардың белбеулері, ат әбзелдері қойылды. Көгілдір көктемде қазақ қыздарының әдемілігі мен сұлулығын көрсететін (айшықты, сүмбіле, шашақты) сырға, жүзік, білезік, шашбау, өңіржиек түрлерін көрермендерді қызықтырды. 

2408 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper