Анонс


Астана тұрғындары мен қонақтарына түркиялық көрмені тамашалау мүмкіндігі бар

Жұма, 10 Наурыз 2017 01:54
Астана тұрғындары мен қонақтарына түркиялық көрмені тамашалау мүмкіндігі бар KAZMUSEUM.KZ -  

Түрік халқының Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Чанаккале жеңісінің 102 жылдығына орай «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Әр халықтың тарих беттерінде өшпес із қалдырған ұлы шайқастар бар. Қазақ халқы үшін Аңырақай, Бұланты, Орбұлақ шайқастары қандай мағынаға ие болса, Чанаккале шайқасы да түрік халқы үшін үлкен ерекше маңызға ие. Аталған жеңістің құрметіне орай ашылатын көрме «Ханшатыр» орталығында 17 наурыз күні сағат 15.00-те басталады. Көрмені Астана тұрғындары мен қала қонақтары 17 және 18 наурыз күндері тегін тамашалай алады.

Ашылу рәсімінен кейін «Юнус Эмре» хоры Чанаккале қаһармандарына арналған халық әндерін орындайды. 

2637 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper