Анонс


Ұлттық музей Қазақстанда суретшілердің кәсіби ұйымын құрған тұлғаның көрмесін өткізеді

Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 02:21
Ұлттық музей Қазақстанда суретшілердің кәсіби ұйымын құрған тұлғаның көрмесін өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың отбасы 2017 жылғы 15 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және EXPO-2017 көрмесіне арналған «Өнер Заманның Энергиясы» атты көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрме келушілерге бұрын БҰҰ-да, ЮНЕСКО-да экспозицияланған суретші отбасының топтамасынан жауһарлар мен тарихи экспонаттарды ұсынады. Көрермендер алғаш рет ҚР Ұлттық музейінің топтамасындағы Әубәкір Ысмайыловтың 30-60 жылдарғы акварелдері және  карикатураларын және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі көркемсурет туындыларын тамашалай алады.  

Көрмені ұйымдастырушылар осы жобаның Әубәкір Ысмайыловтың барлық аңызға айналған бастамаларының жалғасы болатынына, сол сияқты суретшінің шығармашылығын одан әрі зерттеу және таныстыру ісіне үлес қосатынына сенімді.

Әубәкір Ысмайылов 1913 жылғы 2 қаңтарда туған. Бала кезінен сурет салуға, мүсін жасауға құмартқан ол өнерсүйер қауымның назарына ерте ілікті. Суретшінің бозбала шағынан-ақ сурет көрмесі бірнеше қалада өткен. Кейін ол талантын кәсіби біліммен ұштауға мүмкіндік алды.

Талантты суретшінің қай шығармасын қарасаңыз да, өмірдің өзінен алынғанын байқайсыз. Туындылар шынайылылығымен көз тартады. Ол сан қырлы талант иесі. Өнер – оның өмірі, табиғат – анасы, өзі болса аңыз сыйлаған Әкенің өсиетін тыңдайтын – ұлы суретші. 

1952 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper