Анонс


Қожа Ахмет Ясауидiң мұралары Көкшетау музейінде көрмеге қойылды

Сейсенбі, 13 Желтоқсан 2016 18:59
Қожа Ахмет Ясауидiң мұралары Көкшетау музейінде көрмеге қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Көкшетау қаласында облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Әдебиет және өнер» музейiнiң ұйымдастыруымен түркi әлемiнiң рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауидiң 850 жылдығына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: маңыздылығы, сипаты және ғибраты» атты аймақаралық ғылыми конференция болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Конференция аясында елiмiздегi iргелi «Әзiрет Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейi «Ясауи мұралары» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясына 50 ден астам жазба жауһарлары көпшiлiк назарына ұсынылды.

Оның iшiнде аса құнды қолжазба кiтаптар, сонымен қатар көне Түркiстанның ХIХғ. сыр шертетiн фото суреттерi қойылды.
Көрменi тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Н.Нүркенов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Бөрібаева, ясауитанушы ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

6094 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper