Анонс


Ұлттық музейде «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесі ашылды

Сенбі, 26 Қараша 2016 03:40
Ұлттық музейде «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстанда басталған қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының идеясын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында ұсынған болатын.

Фотокөрме тарихи феноменді – корей, ұйғыр, неміс, өзбек театрларының өзінің этникалық отанынан тыс жерде мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайтын жалпыұлттық бірліктің және алуан түрлі мәдениеттің қазақстандық моделін ашып көрсетуге бағытталды.

Аталмыш фотокөрмеде ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Сатубалдин Абай Кәрімұлы:

«Бүгінгі «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылып отырған бұл фотокөрме Қазақстан халқының қаншалықты бірлікте өмір сүріп жатқанының айқын айғағы деп ойлаймын. Елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдері бірлік пен татулықты ту ете өмір сүріп жатқанын тек сөз жүзінде ғана айтып қоймай, осындай фотокөрмелер арқылы да халық санасына сіңіру – үлкен жұмыс».

Фототуындылар ұлттық мәдениеттердің ашық бояуларына қанық, бірінде кезекті ұлттық мерекенің сауық-сайраны, енді бірінде ұлттық мерекеміз Наурыздағы шадыман шаттық, үшіншісінде – ел өміріндегі жауапты сәт – сайлау және т.б. бейнеленген.

ҚР Ұлттық музейінің экспозиция және көрме қызметінің басшысы Тоғжан Темірғалиқызы фотокөрме жөнінде:

«Қазақстан – әр бір азаматы өз орнын таба алатын үлкен ел және үлкен отбасы. Біз ұйымдастырып отырған фотокөрмеміз арқылы үлкен еліміздің, үлкен отбасымыздың шағын нұсқасын көрсеткіміз келді. Осы көрмеден сіздер достық мейірім көресеңіздер – бұл шара өз көздегеніне жетті деп ойлаймын». 

4473 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper