Анонс


Алматы тұрғындары Ыбырай Алтынсаринге тиесілі жәдігерлерді тамашалай алады (ФОТО) Таңдаулы

Сейсенбі, 22 Қараша 2016 22:14
Алматы тұрғындары Ыбырай Алтынсаринге тиесілі жәдігерлерді тамашалай алады (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Аса көрнекті халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) туғанына 175 жыл толуына орай оның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау әрі дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Даланың алып қоңырауы» көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрменің негізін ағартушының музей қорындағы жеке қалта сағаты, оның өмірі мен шығармашылығына байланысты қолжазбалар мен басылымдар, фотоқұжаттар мен хаттар, өзі әрі жақын туған-туыстары мен шәкірттері туралы деректі материалдар құрайды.

Өз заманының қайраткері болған педагогтің кейінгі кезде жарық көрген тың басылымдармен бірге оның ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» кітапханасынан алынғанқолжазбалары (баспаға шықпаған өлең, Сүлеймен төренің қызына жазған өлеңі, хан мен байларға, бектерге арнап жазған өсиет өлеңі) мен  еңбектері де («Шариат-үл-ислам», «Мәктубат», «Асан мен Үсен») осы көрме төрінен орын алады.

Сондай-ақ аталмыш көрмеге ағартушы ұстаздың  Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан және ҚР Мемлекеттік орталық киноқұжаттар мен дыбыс жазбалары  мұрағатынан, Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінен, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының музейінен алынған фотосуреттер мен құжаттардың көшірмелері,  жақын туысы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям Хакім­жанова мен  шәкірттері  Ахмет Балғымбаев, Б. Ақтамберлин, Спандияр Көбеев, Жамаледдин Бейсеновтің, Мұхамеджан Сералиннің фотосуреттері, қолжазбалары жұрт назарына ұсынылады.

Көрменің ашылу салтанатынан соң «Ұстаздың ұлағаты» аттысеминар сабақ өткізілді. Көрме аясында ұйымдастырылған аталмыш семинарда республикамызға белгілі ғалымдар мен ұстаздар тарапынан мектеп мұғалімдері мен оқушыларға және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған  дәріс оқылып, арнайы сертификаттар берілді.

Айта өтейік, көрме «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған аталмыш көрме 4-залдағы алаңда орналасқан.

Көрме 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. 

4849 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper