Анонс


«Астана Экспо-2017» Ұлттық музейде көрме ұйымдастырды (ФОТО) Таңдаулы

Дүйсенбі, 27 Маусым 2016 19:54
«Астана Экспо-2017» Ұлттық музейде көрме ұйымдастырды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясының қолдауымен «Болашаққа көзқарас: Өзекті мұра» тақырыбында көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге Сәкен Нарынов, Рашид Нүрекеев, Юлия Сорокина, Елена Воробьева және Сәуле Дүйсенбиналардың туындылары қойылады. Суретшілер әртүрлі көркемөнер бағыттарында жұмыс жасайды, сонымен қатаролардың әрқайсысы өз елінің рухани зердесінің қалыптасуына өзіндік үлес қосып келе жатқан өнер иелері болып саналады.

Жиында сөз алған Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай аталмыш көрменің маңызына тоқталып өтті.

«Біздің мәдениетіміздің тарихында әртүрлі кезеңдер болды. Бүгінгі көрмеге қойылған туындылар еліміз тәуелсіздік алған жылдарға тұспа-тұс келген өнердің бір жанры болып есептеледі. Ұлттық музей өнердің кез-келген жанрын жатсынбай, музей төрінен орын береді. Жанр мен бағыт әрдайым дамып, өсіп, жаңарып отырады. Бүгінгі көрмеге туындылары қойылып отырған суретшілер тек қана Қазақстанда ғана емес әлемдік деңгейде еліміздің атын шығарып жүрген талант иелері. Біздің өнер мен мәдениет барлық бағыттар бойынша жаңарып, өсіп отыруы құптарлық жағдай», – деді Д.Мыңбай.

Бұл жобаның мақсаты – көкейтесті өнер саласында жұмыс жасайтын, өз отанынан гөрі, шетелдерде әлдеқайда танымал аздаған қазақстандық суретшілердің шығармашылығын дәріптеу.

Көкейтесті өнерді түсіну посткеңестік аймақ кеңістігіне қайта құрумен бірге 1990 жылдардың ортасында келді. Осы кезеңде суретшілер өздеріндегі де, көрермендердің де өнерді қабылдаудағы таптаурын түсінікті бұза отырып, заманауи өнердің «батыстық» түрін (перфоманстар, инсталляциялар, видео-арт және т.б.) шабытпен меңгерді.

 

3575 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper