Анонс


Италиялық суретші Марио Павезидің «Басқа көкжиектер» атты жеке көрмесі ашылды

Сенбі, 28 Мамыр 2016 00:01
Италиялық суретші Марио Павезидің «Басқа көкжиектер» атты жеке көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Италиялық суретші Марио Павезидің «Басқа көкжиектер» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің қолдауымен ашылып отыр.

Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай италияндық суретші Марио Павезидің көпқырлы талант иесі екендігіне тоқталып өтті.

«Бұл көрме Қазақстандағы Италия күндерінің шеңберінде өтіп жатыр. Марио Павези өте талантты суретші. Ол кісінің еңбектері адамның ішкі жан дүниесін ашып көрсетуге құрылған деуге болады. Автордың әрбір еңбегінде өзіне тән қолтаңбасы айқын сезіліп тұрады», – деді Д.Мыңбай.

Марио Павези 1945 жылғы 5 тамызда Реджо Эмилия провинциясындағы Гвасталла қаласында дүниеге келді. Марио атақты мүсінші Умберто Мастрояннидің ақылымен Болоньедегі Көркемөнер Академиясына түсіп мүсін жасауды жақсы меңгереді. Марио жастайынан көптеген пішіндерге айналуға икемді, ақпа және серпінді материалды сомдай, өңдей және жандандыра алатынымен ерекшеленеді. Марио Павези қырық жылдық шығармашылық қызметінде, үнемі сурет нарығы мен сәннің талабына қарамастан, әрдайым өз мақсаттары негізінде және үнемі өзінің шығармашылық даралығын іздеуі нәтижесінде мүсіннің және көркем суреттің көптеген түрлері мен жанрларын байқап көреді. Оның туындылары сұлулықпен тығыз байланысқа негізделген, әрдайым тұрақты және нақты заттардың шынайы мәнін көрсететін субстрат сияқты.

Шебердің бірқатар мүсін туындылары (Қайта өркендеу, Құдайлардың құлауы, Шабыт, Әсемдік) жиырмасыншы ғасырдың көпқырлы реңктерімен және техникалық нақты әдістерімен толықтырылған классиканың тұспалымен толтырылғандай көрінуі мүмкін.  (Тепе-теңдік, Бұқа, Түңілу) туындылары талғамды шеберлікпен орындалса да академиялық мүсіннің айбынды боямалығымен ешбір байланыспайды. Солай бола тұра олар қызу, құрықталмайтын асау және сезімге толы.

Оның мүсіндік туындылары тастың болсын, металдың болсын табиғатын тек оның өзіне ғана тән ерекше сезінуімен ежелден барлық мүсіншілер пайдаланған материалды мағынаға толтыруға тырысқан адамның естеліктеріне толы.

 

Инстаграмдағы парақшамыз: @kazmuseum.kz

 

4396 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper