Анонс


«Қазақтың Кәукені» атты мемориалдық көрме ашылады

Дүйсенбі, 18 Сәуір 2016 13:48
«Қазақтың Кәукені» атты мемориалдық көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2016 жылдың 20 сәуірі күні сағ. 15.00-де қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға, әнші, актер, ҚазССР Халық артисі Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Кәукені» атты мемориалдық көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Орталық музей қабырғасында ұйымдастырылып отырған «Қазақтың Кәукені» көрмесіне оның өмір жолы, өскен ортасы, шығармашылығы мен қызметінен сыр шертетін фотосуреттер, марапаттары, кітаптары, жеке заттары, отбасылық мұрағаты мен ҚР Орталық мұрағаты қорынан алынған материалдар қойылды. Сонымен қатар көрменің бір бөлімі Алматы қаласының тарихы музейінің қорынан алынған опера әншісі, ҚазССР Халық әртісі, К.Кенжетаевтың жары – Шабал Бейсекованың шығармашылығына арналды. Көрмеде К.Кенжетаев ойнаған спектакль кейіпкерлеріне арнап дайындалған костюмдар мен сахна декорациясының А.Ненашев, С.Романов сынды суретшілер орындаған бірегей эскиздер коллекциясы тұңғыш рет көрсетілмекші.

Көрменің салтанатты ашылуында белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері, шәкірттері, Кәукен ағаның көзін көргендер мен ұрпақтары естеліктерімен бөліседі.

 

Байланыс тел.: 8 (727) 2640966, 2645577

2604 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper