Анонс


Ұлттық музейдің Мекке туралы көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 15 Сәуір 2016 16:01
Ұлттық музейдің Мекке туралы көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің Мәскеу Ақша Сарайы Қасиетті Мекке қаласы туралы күміс маркалар топтамасын көпшілік назарына ұсынған болатын. Осы ретте эксклюзивті техналогиямен дайындалған құнды әрі мән-мағынасы тереңде жатқан пошта маркаларына аз-кем тоқталып өтсек дейміз.

Жер бетінің кіндігі, қалалардың қаласы болып саналатын Мекке шаһары мұсылман халықтары үшін қасиетті орындардың бірі болып саналады. Балдай зәм-зәм суы, дәмі тіл үйіретін тәтті құрмалары күні бүгінге дейін жер жүзіндегі адамзат баласын қуаныш пен рахатқа бөлеп келеді. Иә, тау-тасы көп, шөл далада орын тепкен қаланың тасып жатқан берекелі тірлігі өз алдына бөлек әңгіме. Біз жоғарыда айтып өткен пошта маркалары осы сөзімізге дәлел бола алады.

Көрмеге қойылған күміс маркалардың қай-қайсысы болмасын, 999 сынамалы күмістен құралған. Олардың барлығы да Мекке қаласының кешегі тарихынан сыр шертеді. Әсіресе әр жылдары қажылық парыздарын орындап жүрген мұсылмандар туралы деректерді көптеп кездестіруге болады. Сонымен қатар, Қағба, оның бір бұрышында орналасқан Қара тас, Ибраһим пайғамбардың мақамы, Мәдина қаласындағы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың мешіті мен атақты Әл-харам мешітінің әр жылдардағы жалпы көріністері тамаша көрініс тапқан.

 

Осы ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұңалбаеваның аталмыш көрме туралы ойын білген едік.

-Көлемі кіші болса да бұл пошта маркаларының мазмұны өте тереңде жатыр деп ойлаймын. Әлемде баламасы жоқ деп айтсақ та болады. Ондағы шариғат белгілері мен мұсылмандардың құлшылық жасап жатқан сәттері өте тамаша әсер береді. Ислам дінінің мәдениеті, тарихы, бәрі-бәрі көрініс тапқан.Өз ісін жақсы меңгерген шеберлердің қолынан шыққан дүниелер екені көрініп тұр.Бұл - Ислам әлеміне деген үлкен құрметтің белгісі.Әлбетте, кешегі біздің ата-бабаларымыз да шариғат үйреніп, сүннет амалдарын берік ұстанған. Соның бір дәлелі,Құнанбайдай текті аталарымыз қажылық парызын өтеп қайтқан. Сондықтан да Ұлттық музейдің төрінен орын алған күміс маркалардың құндылығы қазақ халқы үшін де өте жоғары деп айтар едім,- деді Ү.Мұңалбаева.

ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш көрмеге байланысты пікірін былай деп білдірген еді:

Қасиетті Меккеге арналған жәдігерлер топтамасының маңызы біздің еліміз үшін де зор. Расында, топтама санының қырық болуының символикалық мәніне назар аудармасқа болмайды. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық міндет осы жаста келгені тарихтан белгілі. Күллі әлем мұсылмандары Мекке қаласына, Қағбаға жүз бұрып, құлшылық етеді. Ұлық ғибадат қажылық та Мекке мен Мәдина қалаларында атқарылады. Бұл қала Мұхаммедтей (с.ғ.с.) ардақты жанды, асыл пайғамбарды дүниеге әкелуімен де құрметті шаһар. Тарих қатпарындағы айтулы оқиғалардың куәсі болған Меккеге ерте заманда бабаларымыз ат арытып, жаяулап қажылық жасаған. Көрме Астана халқынаүлкенруханисерпіліс, дембередідепбілемін. 2012 жылы бас қалада бой көтерген «ӘзіретСұлтан» мешітініңашылуынаорайМемлекетбасшысыН.Назарбаевтыңсыйыретінде «КүмісҚұран» жиынтығытартуетілгенеді. Бұлтуынды да осы авторлардыңқолынаншыққан, - дедіН.Тағанұлы.

Идея авторы, «ВТ» компаниясының директоры Владимир Прусаковтың айтуынша, күміс пошта маркалар топтамасын жасау идеясы 2006 жылы пайда болған. Жобаға ғалымдардан бастап, сарапшылар, технологтар, инженерлер, дизайнерлер, мүсіншілер мен суретшілер қатысқан. Шектеулі тиражбен шығарылған күміс маркалардың көрмесі алғаш рет 2013 жылы Татарстанда, 2014 жылы Махачкала мен Мәскеуде көпшілік назарына ұсынылған. Көрме кейін Қырымда, Грекияда жалғасын тапқан.

Айта кетейік, «Мәскеу ақша сарайының күмісмаркаларындағы Мекке» атты көрмені Астана қаласы тұрғындары мен қонақтары мамырдың 8-іне дейін Ұлттық музейден тамашалай алады.

 

ҚР Ұлттық музейінің Қоғаммен байланыс бөлімі

4314 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper