Анонс


Жанна Нөгербекованың «Сұлулық желісі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді

Сейсенбі, 01 Наурыз 2016 15:12
Жанна Нөгербекованың «Сұлулық желісі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жас мүсінші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Жанна Нөгербекованың «Сұлулық желісі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

 Көрме  «Үкілі үміт» жастар шығармашылығын қолдау жобасы аясында Ресейдің Санкт-Петербург  және Ленинград облысындағы «Атамекен» Қазақтар қоғамы мен  Санкт-Петербургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. 2011 жылы  ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен қолға алынған  «Үкілі үміт» жобасы, жас таланттарға өздерінің шығармашылығын кең көлемде таныстырып және сәндік-қолданбалы өнердегі табыстарын жария етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Жанна Нөгербекова Санкт-Петербург қаласының И.Е. Репин атындағы бейнелеу, мүсіндеу және сәулет Мемлекеттік институтында «Мүсіндеу» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруда. Ол көптеген техникаларды меңгерген,  әр түрлі материалдармен жұмыс жасайды: қағазбен мұздан бастап гипс және қолаға дейін. «Сұлулық желісі» көрмесінде «гальванопластика» техникасында орындалған, қоладан, папье-машеден жасалған мүсіндер және ою-өрнектер ұсынылатын болады. Жанна Нөгербекованың әр туындысынан автордың қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен рухани байланысын сезінуге болады. Ағымдағы 2016 жылдың көктемдік мерекелері аясында Музейдің көрмелік маусымының Жанна Нөгербекованың көрмесімен ашылуы тұспа-тұс келуі кездейсоқ емес.

«Сұлулық желісі» көрмесі 2016 жылдың 11 наурызында, сағ. 17.00-де ашылып, 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

 

5323 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper