Анонс


«Ырысы тасыған ыдыстар» көпшілікке ұсынылды

Бейсенбі, 18 Ақпан 2016 00:22
«Ырысы тасыған ыдыстар» көпшілікке ұсынылды KAZMUSEUM.KZ -  

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен ОҚО Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы бірлесе «Ырысы тасыған ыдыстар» атты көрменің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Көрме экспозициясына қорық-музей қорынан 40-қа жуық археологиялық,  этнографиялық көзтартар жәдігерлер қойылды. Көрменің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Бөкебаев маңызы зор мәдени шаралар екі мекеме арасында әлі де жалғасын табатындығына сенім білдіріп, жиналған жұртты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының кеңесшісі Әбдікерім Манапов мырза экспозицяға қойылған әр жәдігерге талдау жасап, тарихи маңыздылығына баса назар аударды. Әсіресе қазақ халқы үшін қазанның орны бөлек екендігіне айрықша тоқталып, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде 25 көрме өткіземіз деп мәлімдеді.

Көрменің ашылуына қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері, Дарын колледжінің студенттері мен оқытушылары және қала қонақтары қатысты. Көрме қала қонақтары мен тұрғындарына бір ай бойы қызмет көрсетеді.

 

6359 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper