Анонс


«Құнси хат және каллиграфия күндері» атты көрме өтті

Жұма, 05 Ақпан 2016 13:30
«Құнси хат және  каллиграфия күндері» атты көрме өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы «Құнси хат және  каллиграфия күндері» атты көрме ұйымдастырды, деп хабарлады Ұлттық арна.

Ақпанның алғашқы күндері  ұйымдастырылған көрменің авторы түркиялық  құсни-хатшы Мухаррем Гөкшен. Ол  көрмеге 34  жұмысын әкеліпті.

Былайғы жұрт каллиграфия өнері туралы азды-көпті  хабардар. Бірақ,  құсни хат  туралы олай деуге келмейді. Әдетте,  көркем жазу деп  сипатталатын құсни-хат өнері ислам мәдениетінің  үлгісі. Арабтың «хұсн» деген сөзінің өзі  «сұлулық», «әдемілік»,  «көркемдік» деген  мағына  береді.  Ал, каллиграфия латын әріптерімен жазылатын көркем жазудың үлгісі саналады. Екі өнердің  ортақ тұсы да көркем жазу.

5100 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper