Анонс


Кілтпен жабылатын тоңазытқыштар көрмеге қойылды

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016 01:55
Кілтпен жабылатын тоңазытқыштар көрмеге қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Көкшетауда «Ескі пәтер» атты ретро-көрме ұйымдастырылды. Келушілер назарына өткен ғасырдың 50-60-жылдарындағы кәдімгі пәтер интерьері ұсынылған.

Көрме Ұлы Отан соғысынан кейінгі қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Бұл жерден көне «Зингер» тігін машинасын, сол кездегі қабырға сағаттарын, үй жиһаздары мен түрлі әшекей бұйымдарын көруге болады. Ал «Югдон» атты әмбебап күйтабағы әлі күнге дейін сайрап тұр. Бұдан бөлек, сол замандағы тұрмыстық техника мен ас бөлмесі көрмеге келуші қыз-келіншектердің назарын еріксіз өзіне аударды, деп жазады 24.kz сайты.

Музей қызметкері Әмина Шәріпова көрменің мақсаты туралы атап өтіп, қызықты деректерді келтірді.

- Осындай асхана бұйымдары 1956 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Кез келген қала тұрғындарында мұндай құралдар болмаған. Бұл тоңазытқыштың басты ерекшелігі: сол дәуірдегі адамдардың көбісі коммуналдық пәтерлерде тұрғандықтан, бұл тоңазытқыштар міндетті түрде кілтпен жабылатын болған. Ең алғашқы тоңазытқыштар 1956 жылғы «Лихачев» зауытының өнімдері болып табылады, - деді Әмина Шәріпова.

4883 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper