Анонс


Н.Назарбаевқа берілген дипломатиялық сыйлықтар көрмеге қойылады

Дүйсенбі, 21 Желтоқсан 2015 12:48
Н.Назарбаевқа берілген дипломатиялық сыйлықтар көрмеге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде музей жинақтарынан «Уақыт Құдыреті» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Музей жинақтарының сағаттар коллекциясы алғаш рет көпшілік қауымның назарына ұсынылмақшы. Көрмені шын мәнінде бірегей әрі сирек деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат жасау өнерінің биік шыңына жеткен 60-тан астам әр түрлі және сирек кездесетін туындылар ұсынылады. Коллекцияның негізін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіне мемлекеттік сақтауға берілген Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдарда табыс етілген дипломатиялық сыйлықтар құрайды.

Ерекшелігіне қарай, көрмеге қойылатын жәдігерлер арасында: механикалық, кварцты және электронды сағаттар, сыйға берушілердің арнайы тапсырысымен жасалған; ХІХ ғасырдан сыр шертетін антикварлық; 3000 жыл дейін есептелген күнтізбелік және басқа да көптеген сағаттар бар.

Көрме 21 желтоқсан күні сағат 17.00-де ашылады. 

5403 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper